$ 543.24  619.89  6.78

Дональд Трамп Қазақстанға баж салығын енгізу туралы құжатқа қол қойды

Құжат Ақ үй сайтында жарияланды.  

Фото: White House in Washington (AP)
Фото: White House in Washington (AP)

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстанға 25 пайыздық баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Тізімде Қазақстаннан бөлек 60-тан астам мемлекеттің аты аталады. Олардың қатарында Үндістан, Түркия, Израиль, Молдова, Швейцария, Вьетнам, Оңтүстік Корея және Еуродақ елдері бар. Бұл елдерге 15 пайыздан 41 пайызға дейін баж салығы енгізілген. Қазақстанға 25 пайыздық кедендік тариф қолданылмақ. Бұл туралы 2025 жылғы 31 шілдеде Ақ үй сайтында жарияланған жарлықта жазылған. 

CNN мәліметінше, баж салығы 7 тамызда күшіне енеді. Себебі кедендік және шекара қызметіне қатысты өзгерістерді енгізуге уақыт керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары