$ 543.24  619.89  6.78

«Артында екі қызы қалды»: Шымкент жас келіншекті пышақтап, қоқысқа лақтырып кеткен (ВИДЕО)

Полиция адам өлтіру фактісі бойынша іс қозғады.

Фото: @_volontery_shymkent_lider.kz
Фото: @_volontery_shymkent_lider.kz

Шымкентте жоғалып кеткен жас әйелдің өлі денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Lider.kz волонтерлері мәлім етті. 26 жастағы Дияна Оңғарбаева 21 шілдеде үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Полиция жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қазір аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барлық мән-жайды анықтауға бағытталған», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары