01.08.2025, 19:20

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

© Фото: Zakon.kz

Бір ай ішінде халық саны 17,1 мыңнан астам адамға артқан.

Ұлттық статистика бюросы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда қанша адам тұрғанын хабарлады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан халқының саны 20 387 811 адамға жеткен. Бір ай ішінде халық саны 17,1 мыңнан астам адамға артқан. 1 маусымда елде 20 370 672 адам тұрған.

Халық саны ең көп өңірлер:

Алматы – 2 319 893 адам; Түркістан облысы – 2 150 228 адам; Алматы облысы – 1 578 089 адам; Астана – 1 576 337 адам.

Халқы миллионнан асатын өңірлер:

Шымкент – 1 277 743 адам; Жамбыл облысы – 1 220 041 адам; Қарағанды облысы – 1 132 697 адам.

Халық ең аз қоныстанған өңірлер:

Ұлытау облысы – 220 266 адам; Солтүстік Қазақстан облысы – 518 049 адам; Абай облысы – 599 449 адам.

Сондай-ақ, Қазақстан тұрғындарының көпшілігі қалада тұрады – 12 899 438 адам. Ауылдық жерлерде 7 488 373 адам өмір сүреді.