01.08.2025, 15:40

Танымал қазақ айтыскері көз жұмды

Фото: видеодан скрин

Серік Ыдырысов Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымы "Дәстүрлі музыка өнері және хореография" БББ-ның аға оқытушысы, университет ардагері болатын. 

Ұстаз, мәдениет саласының жанашыры Серік Ыдырысов жайлы шәкірттері мен көзін көргендер әлеуметтік желіде түрлі естелік жазып жатыр. Ол суырып салма ақын ретінде шаппа-шап айтыстың нағыз үлгісін көрсете білді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

– Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, басқармаға қарасты мекемелер ҚР "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Еңбек ардагері" және "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгілерінің иегері, айтыстың ақтаңгері, ақын Серік Ыдырысовтың дүниеден өтуіне байланысты отбасының, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады, – деп жазды басқарманың әлеуметтік желідегі ресми парақшасы. 

Серік Ыдырысов Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымы "Дәстүрлі музыка өнері және хореография" БББ-ның аға оқытушысы, университет ардагері болатын. 

"Елімізге, әлемге танымал, ықпалды тұлғалардың алдында арнау айтқаным бар. Олардың ішінде Финляндия, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан президенттері, Үндістанның премьер-министрі де бар" деген еді бір сұхбатында айтыскер ақын, мәдениет саласының майталманы.