Құжаттармен танысу барысында қаншама былықтар ашылып жатыр.
Бельгиялықтар асырап алған Жәнібектің ісін қолға алған заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мейірман Шекеев бұл жағдайға қатысты Қазақстанда қылмыстық іс ашылып, тергеу басталғанын айтты.
Жәнібек – Бельгияда асырап алынған қазақ баласы. Кейінірек анықталып жатқандай бала заңсыз сатылған сияқты. Құжаттармен танысу барысында қаншама былықтар ашылып жатыр. Жәнібектің алғашқы келіп биологиялық анасын табу мақсаты нәтижесіз болған. Қазір іздеу жұмыстары жалғасуда, кейбір ДНҚ тестілеулері жасалғанымен нақты нәтижеге қол жеткізілмеген. Сонымен қатар, бұл жағдайға қатысты Қазақстанда қылмыстық іс ашылып, тергеу басталды, - дейді заңгер.
Айта кетейік, бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібектің шын есімі Мұрат Савелиев.