31.07.2025, 18:20

Астанада жалаңаш ер адам саябақта серуендеп жүрген (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалды.

 

Таңғы сағат 8 шамасында елордадағы Ұлттық теннис орталығы маңында жалаңаш ер адамның серуендеп жүргені байқалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл аумақта әдетте балалар ойнайды. Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

«Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады ведомство.