30.07.2025, 23:30

Қаралы хабар: Алматыда студент қыз ҚазҰУ-дың 14-қабатынан секіріп кетті

Фото: farabi.university

Алматы қаласының Полиция департаменті оқиғаны растады.

Алматыда студент қыз ҚазҰУ ректоратының 14-қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы қаласының Полиция департаменті оқиғаны растады.

"Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға тұрмыстық себептер түрткі болған. Азаматтардан жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз", – делінген хабарламада.