30.07.2025, 17:00

Жолда қалғып кеткен: Жүргізуші өз көлігінің астында қалып қаза тапты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадрк

Қатты соққы салдарынан жүргізуші алдыңғы әйнек арқылы ұшып кетіп, өз көлігінің астында қалған.

30 шілде күні таңғы сағат 7:45 шамасында Қордай асуының етегінде ауыр жол апаты болды. Алдын ала мәлімет бойынша, «Газель» көлігінің жүргізушісі рульде қалғып кетіп, жол жиегінде тұрған КамАЗ-ға соғылған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. Қатты соққы салдарынан жүргізуші алдыңғы әйнек арқылы ұшып кетіп, өз көлігінің астында қалған. Өкінішке қарай, ол оқиға орнында көз жұмды. Қазір жол-көлік оқиғасының нақты мән-жайы анықталып жатыр.