30.07.2025, 12:00

Жамбыл облысында атыс болып, 4 адам жарақат алды

Фото: Жамбыл облысы ПД

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер травматикалық қарудан жараланған.

Оқиға кеше, 29 шілде кешкі уақытта болған, шамамен сағат 21:30-да төрт жаралы адам Мойынқұм аудандық ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 2-бөлігі бойынша (Екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу, адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе бұзақылық ниетпен жасалған) қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-іздестіру және тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Тегтер: атыс Жамбыл