Сотта күдікті өз кінәсін мойындамады.
Ақтөбедегі мешітте қызға тиіскен ер адам 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында 42 жастағы күдікті Талғат Ахметовке қатысты іс қаралды.
Айта кетейік, бұған дейін желіде күдікті Талғат Ахметов Ақтөбедегі "Нұрғасыр" мешітінде белгілі ақтөбелік блогер Эммануэлла Наурызбаеваға тиісіп, "жыныстық қатынас үшін бір реттік неке қиюды" ұсынғаны түсірілген видео тараған еді.
Сотта күдікті өз кінәсін мойындамады. Алайда сот Ахметовтің кінәсі дәлелденді деп тауып, оны 5 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.