Бірнеше минут бойы алаңды қалың шаң басып қалды.
Оқиға Гагарин алаңында болды. Ерубаев көшесі, 14-үй мекенжайындағы төрт қабатты кірпіш ғимараттың бір бөлігі аяқ астынан құлап түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бірнеше минут бойы алаңды қалың шаң басып қалды.
Оқиға орнына құтқарушылар мен жедел қызмет өкілдері дереу жетті.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 150 шаршы метр аумақ – ағаш шатыр құрылымы, 3-қабаттан 1-қабатқа дейінгі аралықтағы жабындар, сыртқы қабырға мен баспалдақ маршы қираған.
Ғимарат ішінен жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан 15 адам эвакуацияланды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.