30.07.2025, 08:30

Бүгін ел аумағында жаңбыр жауып, жел күшейеді

Фото: pexel

Шымкентте ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.

“Қазгидромет” баспасөз қызметі 2025 жылғы 30 шілде, сәрсенбі күні Астана, Алматы және Шымкент қалаларына арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астанада ауыспалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр, найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +22…+24°C.

Алматыда ауыспалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай болжанады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, кей жерлерде екпіні 18-23 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +21…+23°C, күндіз +31…+33°C.

Шымкентте ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +34…+36°C.