29.07.2025, 16:00

Каспий теңізінде жер сілкінді

Фото: Pixabay

Бұл туралы Әзірбайжан Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады.  

29 шілде күні таңертең Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Дүмпу Атырау уақытымен сағат 06:07-де болған. Жер сілкінісінің магнитудасы 3,0 құрады. Эпицентрінің координаттары: 40.43N, 51.60E. Гипоцентрдің тереңдігі: 13 км.

Жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.