29.07.2025, 13:20

«Ақшасы сыймай жүрген Димашты алдады»: Заңгер Перизат Қайратты жақтады (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

"Димаштың қалтасына ақшаны сен салып бергендей айттың ғой". 

TikTok қолданушысы, заңгер сотты болған Перизат Қайрат туралы жазып, желіні шулатты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Перизат Қайратқа жек көріп қарауға негіз жоқ! Қарапайым адамдарды алдаған жоқ және қарапайым адамдарға зияны да жоқ. Алдаса, ақшасы қалтасына сыймай жүрген Димаш Құдайберген сияқты тұлғаларды алдады. Қылмыстық іс бойынша алданған фигуранттар осал адамдар емес. Заңгер ретінде жеке піікірім", - деп жазды Азамат есімді заңгер. 

Астаналық жігітітң бұл жеке пікірі желі қолданушылары арасында дау тудырды. 

"Димаштың қалтасына ақшаны сен салып бергендей айттың ғой", "Дәрігерлер мен мұғалімдер бір күндік ақшасын аударған", "Сен сияқты заңгерлер болса, көгермейміз", "Димаш таза еңбегімен тапты", деді олар.