$ 540.78  618.65  6.71

Астана тұрғыны сатуға шығарған көлігінен айырылып қалды

Жарты жылдан астам уақыт бойы жәбірленуші адвокаттар арқылы мәселесін шешуге тырысқан, алайда жақында ғана құқық қорғау органдарына жүгінген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Астаналық алаяқтың арбауына түсіп, ақшасынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Елордада полицияға жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, өткен жылдың қараша айында өзінің автокөлігін сатуға қойған. Көп ұзамай сатып алушы табылып, олар көлікті бөліп төлеу арқылы сату туралы келісімге келген.

«Алайда арада біраз уақыт өткен соң сатып алушы телефон қоңырауына жауап бермей, жоғалып кеткен. Осылайша көлік иесі ештеңесіз қалған», - деп жазылған хабарламада.

 

Жарты жылдан астам уақыт бойы жәбірленуші адвокаттар арқылы мәселесін шешуге тырысқан, алайда жақында ғана құқық қорғау органдарына жүгінген.

Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында Нұра ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол – 31 жастағы азамат, алдау арқылы жәбірленушінің көлігін иемденіп алған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 7 миллион теңгені құрайды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Полиция азаматтарға абай болып, бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді. Алаяқтардың құрбанына айналмас үшін мәміле жасау кезінде сақ болу керек. Егер сізге қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасалған болса, бірден «102» нөміріне хабарласып, полицияға жүгініңіз.

  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары