Қыз ауыр күйік жарақатын алған.
Астанадағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде жұмысшы қыз баланың арқасына ыстық май төгілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Желіде оқиғаның видеосы жарияланды. Бейнежазбада асханада бір жігіттің қолында қайнап тұрған майы бар кастрюльмен келе жатып, тайып құлағаны, нәтижесінде, ыдыстағы ыстық май әріптесінің арқасына төгілгені анық көрінеді.
Қыз ауыр күйік жарақатын алған.
Әлеуметтік желілерде компания зардап шеккен қызметкерге көмек көрсетуден бас тартты деген ақпарат тарады. Алайда, бұл мәлімет мекеме әкімшілігі тарапынан жоққа шығарылды.
«Оқиға расында бір айдан астам уақыт бұрын біздің кафелеріміздің бірінде болды. Бұл өте өкінішті жағдай. Біз зардап шеккен қызметкерге дереу көмек көрсетіп, оның ата-анасымен кездесіп, ем-дом шығындарын толық өтедік және өтемақы төледік», – деп мәлімдеді компания.