28.07.2025, 11:20

«Көп адам көтере алмайды»: Асаруме қорының жетекшісі Перизат Қайрат туралы тағы бір шындықты айтты (ВИДЕО)

Фото: kyn.kz

Алаяқтық әрекеттерді көрдік.

Күні кеше алаяқтықпен айналысқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған Перизат Қайрат туралы Асаруме қорының өкілдері бар шындықты айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Асаруме өкілдері журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында мәлімдеді.

«2024 жылдың аяғында бізге шок болды. Перизатпен 2021 жылы танысқанбыз. Содан бері 2023 жылға дейін оның адалдығына ешқандай күмән болмаған. Ешкімде болмаған. Сосын тағы бір жағдай, істерді көрдік. Алаяқтық әрекеттерді көрдік. 

Бір жыл бұрын айтар едім, әріптерді білемін, мына қорларды білемін деп. Барлықтарының ниеттері түзу, соңғы 7-8 айдың ішінде көргенімді айта алмаймын. Ақша, атақ өте ауыр сынақ екен, көп адам көтере алмайды», — деді ол.