28.07.2025, 00:00

Астана әуежайының бірінші қабатын су басты (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған кадр

Ақауды жоюға 20 минут кеткен.

27 шілде кешке елорда халықаралық әуежайының терминалында төтенше жағдай тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде су қабырғадан қысыммен ағып, еденге жайылып жатқан сәт түсірілген видеолар тарады.

Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 19:36-да терминалдың бірінші қабатында нөсер суағар құбыры зақымданған.

Ақауды жоюға 20 минут кеткен.

Оқиға әуежайдың жұмыс тәртібіне әсер етпеген – рейстердің кешігуі немесе тоқтауы тіркелмеген.