28.07.2025, 08:30

Еліміздің бірнеше өңірінде найзағай ойнап, дауыл соғады

Фото: Pixabay

Астанада найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі.

28 шілдеде Қазақстанның көп өңірінде ауа райы тұрақсыз болады. Кейбір өңірлерде найзағай, бұршақ, дауыл және екпіні күшті жел, бірқатар облыста аптап ыстық пен төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 28 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 28 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, облыстың шығысында, орталығында екпіні 23 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Орал қ.: 28 шілдеде жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 28 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Қонаев қ.: 28 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 28 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 28 шілдеде найзағай күтіледі.

Атырау облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырау қ.: 28 шілдеде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстқа ауысады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 28 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 28 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Қостанай облысында найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 28 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзайғай, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 28 шілдеде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус, облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 28 шілдеде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қ.: 28 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 28 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Көкшетау қ.: 28 шілдеде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Астанада найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде найзағай, күндіз облыстың шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 28 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.