27.07.2025, 23:30

«Жантүршігерлік апат»: «Алматы-Бішкек» тасжолында 6 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктің барлық 5 жолаушысы мен бір жұмысшы қаза тапты.

25 шілде күні сағат 10:45-те «Алматы – Бішкек» тас жолында, Сарыбастау ауылының маңында (Жамбыл ауданы) жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Қазавтожол» тракторымен Toyota Alphard көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көлікте алты адам болған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктің барлық 5 жолаушысы мен бір жұмысшы қаза тапты.

Toyota жүргізушісі түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді.