$ 544.87  639.02  6.88

Жыл жемқорлығы: Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот үкімі шықты

Аса ірі көлемде алаяқтық пен ақшаны заңдастыру дерегі бойынша айыпталып отыр.

Коллаж: inform.kz
Коллаж: inform.kz

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сот үкімі бойынша Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды, ал анасы Гайни Алашбаева 7 жылға сотталды.

Істе 51 жәбірленуші бар, іс құжаттарының көлемі 100 томнан асатыны да айтылған еді. 
Сот үкімін іс бойынша төрағалық етуші судья Сабыржан Кәрімов оқыды.

– Перизат Қайратты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын, сондай-ақ 10 жыл мерзімге қайырымдылық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкін тәркілеу түріндегі қосымша жаза тағайындалды. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3-бөлігі негізінде бірнеше қылмыс жасау жиынтығы бойынша жазаны ішінара қосу жолымен түпкілікті 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деді ол.

Перизат Қайрат пен анасынан 50 жәбірленушіге 1,5 млрд теңге өндіріп алынбақ. Ал Ғайни Алашбаева Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылған.

Енді ол 10 жыл қайырымдылық қызметпен айналыса алмайды әрі мүлкі тәркіленеді. 

Перизат Қайрат та, анасы да жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейтін болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары