Желдің екпінімен алыстап кеткен азаматтардың өздігінен жағаға қайта шығуға мүмкіндігі болмаған.
Ақтауда 23 шілде күні күшті жел салдарынан бес адам теңізге қарай 2,5 шақырымға ұзап кеткен. Оқиға “Бриз” яхт-клубы маңында болған деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы lada.kz сайтына сілтемемен.
Желдің екпінімен алыстап кеткен азаматтардың өздігінен жағаға қайта шығуға мүмкіндігі болмаған.
Оларды жағалауды бақылау барысында құтқару қызметінің мамандары байқап қалған. Құтқарушылар жылдам әрекет етіп, адамдарды аман-есен жағаға жеткізді. Абырой болғанда, ешкім жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін қала тұрғындары әр шақырым сайын құтқару бекеттерін орнату мәселесін көтерген болатын. Бұл сұраққа қатысты қала әкімдігінің баспасөз қызметі егжей-тегжейлі түсініктеме берген еді.