$ 544.87  639.02  6.88

Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірімді КамАЗ қағып кетті

Бала велосипед мініп жүрген. 

Фото: ©Sputnik
Фото: ©Sputnik

Ақтөбе облысында 13 жастағы жасөспірімді КамАЗ қағып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқиға Мұғалжардың Қандыағаш қаласында болды. Бала велосипед мініп жүрген. 

Ақтөбе облыстық полция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасынан соң қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

“Алдын ала мәлімет бойынша, КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі артқа шегінгенде велосипед айдап жүрген жасөспірімді соққан. Жасөспірім алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр”, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары