Жергілікті баспасөз оны экс-президенттің ұлы Тауманмен шатастырып алды.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәли Әлиев Канн қаласында «Қайырымды рыцарьлар» кешіне ұлы Аланды да ертіп барды,деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жергілікті баспасөз оны экс-президенттің ұлы Тауманмен шатастырып алды.
Қазақ баспасөзі жіберген қателіктен соң, Нұрәли Instagram әлеуметтік желісіне жариялаған суреттерді өшіріп тастаған. Дегенмен бір тәуліктен кейін, 20 шілдеде түн жарымында жұртты шулатқан суреттер қайта жарияланды.
Бірақ бұл жолы Назарбаевтың немересі сторисіне қысқаша жазба жариялап, жұмбақ бозбаланың кім екенін таныстырды.
«Барша баспасөзге құлаққағыс: біріншіден, мен өз сторисімді өзім жүргіземін. Пәлен жерде көрініпті деу орынсыз. Екіншіден, қасымда тұрған бозбала – ұлым. Таныс болыңыздар – Алан», – деп жариялады Нұрәли Instagram-дағы сторисіне.