$ 544.87  639.02  6.88

Астанада куәлігі жоқ, мас жүргізуші екі көлікті соғып, адамдарды жаралады

Оқиға Ақан сері мен Радлов көшелерінің қиылысында болған.

Фото: Krispastana телеграм арнасы
Фото: Krispastana телеграм арнасы

20 шілдеге қараған түні Астанада BMW автокөлігін тізгіндеген мас жүргізуші екі бірдей жол апатына себеп болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқиға Ақан сері мен Радлов көшелерінің қиылысында болған. BMW жүргізушісі алдымен Chevrolet-ке соғылып, соның салдарынан Chevrolet қарсы жолаққа шығып кетіп, Nissan көлігімен қақтығысқан.

Апат салдарынан екі жолаушы зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. BMW айып тұрағына қойылды. Белгілі болғандай, жүргізуші мас күйде болған және бұрыннан көлік жүргізу құқығынан айырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары