Анасының әрекетіне баға беріледі.
Павлодарда 3-қабаттағы балконнан құлап кеткен сәби қайтыс болды. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ресми мәліметке сәйкес, 19 шілде күні Ладожская көшесіндегі үйде сәби ата-анасының қарауынсыз қалып, балконнан үйдің күнқағарына құлап кеткен. Ауыр жарақат алған бала дереу ауруханаға жеткізілгенімен, 20 шілде күні жан тапсырды.
Полиция өкілдері оқиғаның себептері мен мән-жайы тексерілетінін, нәтижесінде анасының әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлады.