21.07.2025, 15:20

«Жаттықтырып жатырмын»: Алматы тұрғыны итін турникке байлап, азаптаған (ВИДЕО)

Фото: Pixabay

Дегенмен, Полиция департаменті оған әкімшілік жаза тағайындалғанын хабарлады, бірақ нақты қандай жаза екені айтылған жоқ.

Алматыда жануарға жасалған тағы бір қатыгездік қоғамның ашуын туғызды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ер адам итін турникке тұрғызып, алдыңғы аяқтары мен мойнын мықтап байлап қойған. Өзі жаттығуға кірісіп кеткенде, ауырсынғаннан қыңсылап, дірілдеген итке еш көңіл бөлмеген. Оқиға куәгерлері араша түскенде, ол айқайлап, адамдарды қорқытқан.

Полиция келген соң қожайын бұл — тазы тұқымы, бір жасқа толған, сондықтан «жаттықтырып, созу керек» деп ақталған.

Дегенмен, Полиция департаменті оған әкімшілік жаза тағайындалғанын хабарлады, бірақ нақты қандай жаза екені айтылған жоқ.