Сот үкімімен екі адам кінәлі деп танылды.
Павлодар облысында қоныс аударушыларға арналған әлеуметтік бағдарлама ұрлық схемасына айналғаны әшкереленді. Прокуратураның мәліметінше, «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ Успен аудандық филиалының қызметкерлері тұрғындарды алдап, мемлекеттен қаржы жымқырған, деп хабакрлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Олар үйді 4 млн теңгеге сатып алуға көндіргенімен, ресми құжаттарға 8 млн теңге деп көрсеткен. Нәтижесінде мемлекет үй құнының жартысын төлеп, қалған соманы қоныс аударушылар өз қалтасынан айыпталушыларға берген. Осылайша бюджетке 144 млн теңге зиян келтірілген. Сот үкімімен екі адам кінәлі деп танылды: бірі — 5 жылға бас бостандығынан айырылса, екіншісіне — 3 жылға бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.