$ 529.44  617.06  6.76

Индонезияда 300-ге жуық жолаушысы бар паром отқа оранды (ВИДЕО)

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Индонезия жағалауында KM Barcelona VA жолаушылар паромында өрт шықты. Кеме бортында шамамен 280 адам болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жалын төменгі палубаларды тез шарпып, қалың түтін үрей туғызды — көптеген адамдар оттан қашып, теңізге секіруге мәжбүр болды.

Әлеуметтік желілердегі кадрларда жолаушылардың палубада үрейлене жүгіріп жүргені, экипаждың құтқару жилеттерін кигізуге көмектесіп жатқаны көрінеді.

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Қаза тапқандар туралы ресми мәлімет жоқ, бірақ құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, борттағы адамдар саны ресми тізімдегіден көп болуы мүмкін. Индонезия билігі эвакуация аяқталған соң тергеу жүргізетінін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары