18.07.2025, 02:30

«Сен қазақ емессің, өзбексің»: Астанадағы автобустардың бірінде жас қыз қарт кісілермен жанжалдасты (ВИДЕО)

Фото: коллаж Sn.kz

Автобустағы кезекті жанжал.

Желіде ата-әже мен қыздың жанжалдасқаны түсірілген видео тарады. Кадрлардан қарияның қызға "сен қазақ емессің, өзбексің" деп айтқанын естуге болады. Ал оған қыз: "мен қазақпын" деп жауап береді. Сол сәтте әже келіп, ұрысып, қол көтереді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәліметке сәйкес, жанжалға егде жастағы екі қарияның жүргізушіден рұқсат етілмеген жерге тоқтауды сұрауы себеп болған. Жүргізуші бас тартқан. Дегенмен ата мен әже алған бетінен қайтпаған. Сол сәтте қыз жүргізушіні жақтап, қарияға сөйлеген.