16.07.2025, 17:20

«4 адам көз жұмды»: Атырауда жан түршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Атырау облысының Құрманғазы ауданында, 8-ші және 9-шы разъездердің арасындағы жол учаскесінде ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құрманғазы ауылынан шамамен 45 шақырым қашықтықта Toyota Ipsum және EXEED TXL автокөліктері бетпе-бет соқтығысты.

Апат салдарынан төрт адам қаза тапты. Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.