$ 532.74  617.23  6.77

Аптап ыстықта Ақтау жарықсыз қалды (ВИДЕО)

Aktau 911 және Mangystau Today жергілікті пабликтері тұрғындардың шағымданған видеоларын жариялады.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қаладағы бірнеше аудан электр қуатынсыз отыр — 10-шы шағынаудандар мен «Ақ Желкен» тұрғын үй массивінде кабель желілерінен ақау анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ГКП «АУЭС»-тің апаттық-диспетчерлік қызметі бірден бірнеше нүктеден зақым табылғанын хабарлады, бірақ жарықты қашан қайта қосатынын әлі айтқан жоқ.

Aktau 911 және Mangystau Today жергілікті пабликтері тұрғындардың шағымданған видеоларын жариялады. Адамдар таңнан бері жарықсыз отырғандарын, кондиционерлер жұмыс істемей, пәтерлерде температура көтеріліп бара жатқанын айтып наразы.

— Бұл барып тұрған қорлық қой! Қапырықтың дәл ортасында күні бойы жарық жоқ, жарық болса да қайта-қайта өшіп қала береді, — деп ашуланды тұрғындар.

Апаттық қызмет кабель желілерінің зақымданғанын растап, жөндеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Оқиға орнына қала әкімі Әбілқайыр Байпақов келді. Әкім жағдай бақылауда екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары