$ 520.93  609.07  6.68

«Аптап ыстық, нөсер жаңбыр»: Бүгін ел аумағында күн құбылмалы болады

Бұған атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуы түрткі болады.

Фото: pexel
Фото: pexel

2025 жылғы 14 шілдеде Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптикалық жағдай мен қауіпті құбылыстардың болжамына сәйкес, республикамыздың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Бұған атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуы түрткі болады.

"Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Шығыста нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Еліміздің қалған аумағында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", - дейді "Қазгидромет" РМК.

Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, желдің екпін алады деп болжанады.

Күндіз Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында сынап бағаны +35...+39 градусты көрсетіп, аптап ыстық болады деп күтіледі.

Түркістан облысында 14 шілдеде сынап бағаны +40 градусқа дейін, ал Маңғыстау облысында + 41 градусқа дейін көтеріледі деп болжанады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары