09.07.2025, 04:30

«Дауысы да, қазақшасы да керемет»: Қазақтың әнін шырқаған орыс баласы көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Жарайсың, сары бала!

Желіде Виталий есімді жігіттің қазақ тілінде ән орындаған видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның ән айту шеберлігі көпшіліктің көңілінен шықты. TikTok желісінде бұл видео 2,5 миллион қаралым жинап үлгерген.

Желі қолданушылары Виталийге қолдау білдіріп, дауысының керемет екенін айтуда. Оның айтқан қазақша әні көпшіліктің жүрегінен орын тауып үлгерді.