$ 518.97  607.3  6.64

Еліміздің кейбір өңірлерінде +38°С-қа дейін ыстық болады

Сондай-ақ, синоптиктер өрт қаупі жоғары аймақтарды атады.

Фото: pexel
Фото: pexel

Синоптиктер 2025 жылғы 9 шілде, сәрсенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, күндіз мына өңірлерде қатты ыстық күтіледі:

 • Батыс Қазақстан, Алматы, Жетісу облыстары мен Ақтөбе облысының оңтүстігінде – +35°С дейін,

 • Атырау облысында – +35…+37°С,

 • Маңғыстау облысының оңтүстігінде – +38°С дейін.

Синоптиктердің болжамына сай:

«Атмосфералық фронттар елдің солтүстігі, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында тұрақсыз ауа райын қалыптастырып, найзағайлы жаңбыр жауады. Солтүстікте қатты жаңбыр жаууы мүмкін, күндіз бұршақ жауу ықтималдығы бар. Ал қалған өңірлерде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ел бойынша жел күшейіп, солтүстік пен оңтүстік-шығыста дауылды жел, ал түнде және таңертең солтүстік пен солтүстік-батыста тұман болады».

Сондай-ақ, синоптиктер өрт қаупі жоғары аймақтарды атады:

 Жоғары өрт қауіпі:

 • Маңғыстау, Атырау,

 • Алматы облысының шығысы,

 • Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен орталығы,

 • Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігі,

• Қарағанды облысының орталығы,

 • Ұлытау облысының оңтүстігі, шығысы мен орталығы,

 • Ақмола облысының батысы мен солтүстігі,

 • Ақтөбе облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы.

 Төтенше өрт қауіпі:

 • Жамбыл, Қызылорда, Түркістан,

 • Жетісу облыстары,

 • Алматы облысының солтүстігі, батысы, оңтүстігі мен орталығы,

 • Қарағанды облысының батысы, оңтүстігі және шығысы,

 • Ақтөбе облысының орталығы,

 • Маңғыстау облысының солтүстік-батысы,

 • Қостанай облысының оңтүстік-батысы,

 • Абай облысының оңтүстігі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 8
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары