$ 519.51  611.83  6.6

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының экс-басшысы ұсталды

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілуге жатпайды.

Фото: ratel.kz
Фото: ratel.kz

Бас прокуратура 3 шілде күні азаптау бойынша күдікке ілінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Т.М. Татубаевты ұстағанын хабарлады, деп мәлімдейді Skifnews.kz ақпарат порталы.

— Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы 2025 жылғы 3 шілдеде Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігінің 1), 2) тармақтарында көзделген қылмысты (азаптау) жасады деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Т. М. Татубаевты ұстағанын хабарлайды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, қосымша дәлелдемелерді жинауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары