03.07.2025, 15:50

Астанада көлік өртеніп кетті

Фото: видеодан скрин

Қалада ауа температурасы +32 градусқа дейін көтерілген.

Астанада Министрлер үйінің жанында көлік жанып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін Астанадағы автотұрақтың бірінде көліктің өртенгені туралы хабарлама түсті. Бұл оқиға Министрлер үйіне қарама-қарсы беттегі автотұрақта тіркелді. Қалада ауа температурасы +32 градусқа дейін көтерілген.

Өрттің нақты себебі әзірге белгісіз. Тиісті қызметтер оқиға орнына барып, мән-жайды анықтап жатыр.