$ 519.29  613.28  6.62

Ақтөбеде зейнеткер мен оның немересі суға батып қайтыс болды

Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Хромтау ауданына қарасты Құдықсай ауылының 66 жастағы тұрғыны 8 жастағы немересімен бірге Бозжыраға кеткеннен кейін үйіне оралмаған, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы. 

 Келесі күні іздеу-құтқару жұмыстары басталды.

“26 маусым сағат 19:30-да Ор өзенінің арнасын тексеру кезінде құтқарушылар суға батып кеткен көлікті тапты. Жағадан 4 метр қашықтықта 2,5 метр тереңдіктен сүңгуірлер баланың денесін алып шықты. Көлік пен ер адамның денесі де шығарылды”, – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Құтқарушылар азаматтарды су айдындарына жақын және жету қиын жерлерде қозғалу кезінде сақтық шараларын сақтауды, төтенше жағдай орын алған жағдайда дереу 112 телефонына хабарласуды сұрайды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары