$ 518.34  607.18  6.62

«Әскерге көшеден алып кете алмайды»: Елімізде жаңа заң қабылданды

Енді әскерге шақырту үшін 1414 нөмірінен SМS-хабарлама жіберіледі.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Сенат кулуарында әскерге шақыруда қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Енді әскерге шақырту үшін 1414 нөмірінен SМS-хабарлама жіберіледі.

Алдағы уақытта әскер қатарына шақыру 1414 нөмірінен SMS хабарлама жіберу арқылы іске асырылады және Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өзінің eGov-тағы жеке кабинетінде хабарламаның растығын тексеру мүмкіндігіне ие болады, – деп жауап берді Шайх-Хасан Жазықбаев.

Оның айтуынша, тиісті заң қабылданғаннан кейін жас жігіттерді әскерге көшеден алып кету фактілері болмайды. Сондай-ақ әдеттегідей шақырту жіберілмейді, тек SMS арқылы хабардар етіледі. Егер хабарламаны алушы оны елемей тастаса, онда мәселе Әкімшілік кодекс аясында шешіледі.

Бұл жұмыспен уәкілетті органдар айналысады. Айыппұл көлемін қорғаныс министрлігі бекітпейді, онымен уәкілетті органдар айналысады, айыппұл мөлшері туралы айта алмаймыз, - дейді министрдің орынбасары.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде шетелде оқып жүрген қазақстандық студентті әскерилердің көшеден алып кетуі жақында дау туғызған еді.

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары