Ұшақ "Air Astana" әуекомпаниясына тиесілі.
"Air Astana" әуекомпаниясының Алматы-Лондон бағыты бойынша ұшқан ұшағы Атырау халықаралық әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әуекомпаниясы мұның себебін дереу түсіндірді.
"Air Astana" компаниясының бүгінгі KC663 рейсі (Алматы–Лондон) қарсы желге байланысты жүктеме шектеулерінің алдын алу үшін Атырауға қосымша қонып, жанармай құйып алды", – деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.