TAVI - ауыр қолқа стенозы және жоғары операциялық қаупі бар науқастар үшін ашық жүрек операциясына заманауи балама.
Алматыда Қазақстанда алғаш рет жетекші қытай өндірушісінің соңғы буын инновациялық өздігінен ашылатын клапанның имплантациясы жасалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтынла Қытай Халық Республикасының интервенциялық кардиология саласындағы танымал әлемдік сарапшылары: Сычуань университетінің Батыс Қытай ауруханасының кардиология бөлімінің директоры профессор Мао Ченнің және аурухананың бас дәрігері, туа біткен жүрек ақауларын интервенциялық емдеу жөніндегі жетекшісі Юань Фэннің қатысуымен қолқа стенозын емдеудің озық аз инвазивті технологиясы - қолқа қақпақпашасын транскатетерлік имплантациялау (TAVI) бойынша шеберлік класы өтті.
TAVI - ауыр қолқа стенозы және жоғары операциялық қаупі бар науқастар үшін ашық жүрек операциясына заманауи балама. Бұл әдіс биологиялық клапанды кеуде қуысын ашпай-ақ феморальды артерия арқылы жеткізуге мүмкіндік береді, бұл ауруханаға жатқызу уақытын қысқартады және асқынулардың санын азайтады.
Шеберлік класы аясында Қазақстанда алғаш рет жетекші қытай өндірушісінің соңғы буын инновациялық өзі ашылатын клапанның алғашқы имплантациясы жасалды. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ рентгеноперблок меңгерушісі Алексей Колесниковтың айтуынша, бұл жүйе бірегей клиникалық мүмкіндіктерді ұсынады: жоғары сапалы перикардиальды тіннен жасалған өздігінен ашылатын клапан пациенттің анатомиялық ерекшеліктеріне оңай бейімделеді, ал оны қайта орналастыру және алу мүмкіндігі орнатудың дәлдігін қамтамасыз етеді және тәуекелдерді азайтады. Технология жоғары гемодинамикалық тиімділікпен сипатталады.
«Бұл шеберлік класы Қазақстанда емдеудің әлемдік стандарттарын енгізуге, отандық мамандардың құзыреттерін кеңейтуге және жүрек аурулары бар науқастарға көмек көрсетудің озық әдістерінің қолжетімділігін арттыруға ықпал ете отырып, жоғары технологиялық кардиохирургияны дамытудағы маңызды кезең болды», - дейді институттың Басқарма төрағасы Марат Пашимов.
2 күн ішінде 7 науқасқа операция жасалды. Бір мысал ретінде атап өтейік: 74 жастағы науқаста клиникаға түскен кезде бас айналу, бас ауруы, аяқтары тоңу сезімі, жалпы әлсіздік, физикалық күш түскенде, 100-150 метр қашықтықта жүрсе ентігу сияқты шағымдары болды. Негізгі диагнозы: жүре пайда болған жүрек ақауы, қолқа қақпақшасының айқын стенозы, созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі. Қосымша диагнозы: жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертония, 2 типті қант диабеті. Операциядан кейін науқас өзін өте жақсы сезінеді. Жалпы, барлық операциялар сәтті өтті.