Айыпталушы өз кінәсін мойындады.
Танымал блогер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігімен жас жігітті қағып өлтірген жүргізуші сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жүргізуші “абайсызда қазаға ұшырату" бабы бойынша сотталды. Алайда айыпталушы түрмеде отырмайды. Сот шешімімен күдіктінің бас бостандығы 1,5 жылға шектелді. Айыпталушы өз кінәсін мойындады.
"Трюк қауіпті екенін біле тұра, бәрібір келістім", – дейді айыпталушы.
Марқұм жігіттің отбасы моральдық және материалдық өтемақы ретінде 210 млн теңге талап етті. Алайда сот бұл соманың тек 5 млн теңгесін өндіру туралы шешім шығарды.
Ал көлік иесі блогер Бейбіт Әлібеков сотқа куә ретінде қатысты. Ол марқұмның туыстарына 10 млн теңге беріп, жерлеу шығындарын өз мойнына алғанын мәлімдеді.