$ 512.44  593.15  6.52

Енді Алматы облысында шенеуніктердің жұмысы таңғы 8-ден басталады

Енді олар таңғы 08:00-ден кешкі 17:30-ға дейін қызмет атқарады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс уақытының жаңа тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Енді олар таңғы 08:00-ден кешкі 17:30-ға дейін қызмет атқарады. Түскі үзіліс 12:30-дан 14:00-ге дейін созылады.

Жаңа кесте енгізілгенімен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 8 сағаттық жұмыс күні толық сақталады. Бұл өзгеріс қызмет тиімділігін арттыру және мемлекеттік мекемелердегі еңбек тәртібін жүйелеу мақсатында қабылданған.

Жаңа жұмыс уақыты облыстағы барлық мемлекеттік органдарға ортақ. Жергілікті атқарушы билік өкілдері бұл өзгеріс тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға ықпал етеді деп сенеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары