16.06.2025, 13:50

Қазақстандық актер халықаралық кинофестивальде үздік атанды

Фото: желіден алынды

Ол бұл марапатқа “Әбіл” фильміндегі басты кейіпкердің бейнесін шынайы әрі терең жеткізе білгені үшін лайық деп танылды.

Белгілі қазақстандық режиссер, композитор, әнші және өнертанушы Ерлан Төлеутай Бішкекте өткен халықаралық кинофестивальде “Үздік актер” жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол бұл марапатқа “Әбіл” фильміндегі басты кейіпкердің бейнесін шынайы әрі терең жеткізе білгені үшін лайық деп танылды.

15 маусымда Қырғызстан астанасында бес күнге созылған кинофестивальдің жабылу рәсімі өтті. Шара барысында Орталық Азия елдерінің киногерлері бақ сынаған байқаудың жеңімпаздары анықталды.

Жалпы жүлде қоры 1,5 миллион қырғыз сомын құрады.

Ерлан Төлеутайға бұйырған “Үздік актер” атағымен бірге 300 мың сом (шамамен 1,7 миллион теңге) көлемінде қаржылай сыйлық табысталды.