16.06.2025, 12:40

«Қызымды детдомға апарып тастаңызшы»: Желіде тараған видео жұртты жылатты (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Саябақта жүрген кішкентай қыз демалып отырған келіншектен қолындағы қағазындағы жазуды оқып беруді сұрайды.

Әлеуметтік желіде кішкентай балақайдың саябақтағы әрекеті жұртты жылатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Саябақта жүрген кішкентай қыз демалып отырған келіншектен қолындағы қағазындағы жазуды оқып беруді сұрайды. Қағазда«қызымды детдомға апарып тастаңызшы» деген жазу жазылған.

«Балалар үйіне апарып тастау» туралы жазбаны оқыған келіншек жылап жіберіп, қызды қолынан ұстап, демалып жүрген өз балаларымен таныстыра бастайды. 

Алайда, бұл жағдай әлеуметтік эксперимент болып шығады. 

Желі қолданушылары «жүрегім босап кетті», «осындай пранктер өлтіреді-ау», «жүрегім зу ете қалды қағазды оқығаннан», - деп жазған оқырмандар.