16.06.2025, 12:00

Жүздеген адам Ираннан Түркіменстан арқылы шығып кеткен: ішінде қазақстандықтар бар

Фото: Meghdad Madadi/Getty images

Олар көлікпен, азық-түлікпен, қонақүймен және қажет заттармен қамтамасыз етілген.

Түркіменстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Румыния және басқа да елдерден 120-ға жуық адам өткізу бекеттері арқылы Түрікменстан шекарасына өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ведомство өкілдері Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайға байланысты шетелдік дипломаттар мен олардың отбасы мүшелерінің, сондай-ақ қазіргі уақытта Иранда орналасқан басқа да азаматтардың шығуына өз аумағын ұсынғанын хабарлады.

"Бүгінгі таңда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Румыния және басқа да елдерден 120-ға жуық адам өткізу бекеттері арқылы Түркіменстанның мемлекеттік шекарасына өтті", – делінген хабарламада.

Олар көлікпен, азық-түлікпен, қонақүймен және қажет заттармен қамтамасыз етілген. Бұған қоса Түркіменстанның мемлекеттік органдары шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен және халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта екені айтылған.