15.06.2025, 13:30

Қаржаубай Нұрымовтың отбасына қысым көрсеткен желі қолданушысы сотқа тартылды

Фото: Видеодан алынған кадр

Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев Instagram-дағы парақшасында айтты.  

Қаржаубай Нұрымовтың отбасына жүйелі түрде қысым көрсетіп, тыныштығын бұзған азамат заң алдында жауап береді. Ол әлеуметтік желілерде "Доктор" деген лақап атпен танылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев Instagram-дағы парақшасында айтты.  

Адвокаттың айтуынша, “Доктор” лақап атымен танылған азамат Қаржаубай Нұрымовтың отбасын ұзақ уақыт бойы аңдып, түрлі арандатушылық әрекеттер жасаған. Сот отырысында адвокат Мейірман Шекеев бірнеше нақты талап қойды.

“Жауапкер Әбдірахман Бауыржанды сот шешімі заңды күшіне енген соң бес күн ішінде TikTok әлеуметтік желісінде Қаржаубай Полатұлынан ресми түрде кешірім сұрап, теріске шығаруды және бұл кешірім видеосын өз парақшаларында – maskarad778 және басқа да аккаунттарында кемінде 30 күн бойы ашық жариялап қоюға міндеттеуді сұраймыз, – деді адвокат.

Судья сотта жауапкерден кінәсін мойындайтынын не мойындамайтынын нақтылауды сұрағанда, Әбдірахман Бауыржан:

“Айтқанымды мойындаймын”, – деп жауап берді.

Одан кейін судья тараптарды медиация жолымен татуласуға бола ма деп сұраған сәтте, адвокат қарсы тараптан тікелей сұрақ қойды:

“Қаржаубайдың отбасын не себепті аңдып жүрсіз?” – деген сұраққа жауапкер былай деп түсініктеме берді:

“Қазақстан азаматы, қазақ болған соң, ол жерде болған істі көріп, ашуланып, соның бәрін істедім. (...) Бұл – менің азаматтық позициям. Мен оны батыр қылуға жол бермеймін”, – деді ол.