14.06.2025, 19:30

Астана-Павлодар автожолында сұмдық жол апаты болды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Арасында 16 жастағы қыз да бар.

Апаттан 5 адам зардап шегіп, төртеуін жедел жәрдем бригадасы Екібастұздағы ауруханасына жеткізген. Арасында 16 жастағы қыз да бар, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өңірлік полиция департаментінен хабарлағандай "Астана-Павлодар" автожолында үш автокөлік соқтығысқан.

"Автобанның 118-шақырымында үш автокөлік соқтығысқан. Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізуде, оның салдарынан 5 адам ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметінен.

Ал өңірлік жедел жәрдем стансасының мәліметінше, жол апатынан 4 адам зардап шеккен. Олар – 2009 жылғы қыз бала және 1970, 1994, 1998 жылғы ер адамдар. Зардап шеккендердің барлығы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілген.