$ 511.92  588.91  6.44

«Алжыған ба»: Ермахан Ыбрайымовтың тойдағы секеңдеген биі көпшілікке жақпай қалды (ВИДЕО)

Желіде тараған видеода спортшының көпшілік алдына шығып, бар ынтасымен билеп жатқан сәті бейнеленген.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Сидней Олимпиадасының чемпионы, танымал боксшы Ермахан Ыбрайымов әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойында ерекше биімен көзге түсіп, жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Желіде тараған видеода спортшының көпшілік алдына шығып, бар ынтасымен билеп жатқан сәті бейнеленген. Қонақтар оны «Давай, Ереке, давай!» деп қолпаштап, қошемет көрсетті.

Желі қолданушылары егде тартқан азаматтың биін сынға алды.

"Неге соны билемеске деп билепті ғой", "Кезінде талай басынан соққы алған ғой, мән бермеңдер", "Кәрі түйе ойнақтаса,  жұт келеді, "Мынау не істеп жүр", "Алжыған ба, секеңдегені несі",- деп жазды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 33
Ұнамайды 12
Күлкілі 14
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары