Желі қолданушылары мен оның туыстары расымен мықты ақын болғанын жарыса жазып жатыр.
Әнші Ұланғасыр Қами айтатын «Қызыл раушан» әнінің авторы қоқыс арасында өмір сүріп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.
Ол белгілі ақынның шәкірті болып шықты. Бүгінде қаңғыбастардың қатарына қосылған жігіт әнін сатып жібергенін, әйелін жақсы көргенін айтып ағынан жарылды.
«Белые розы тербеткен би алаңы деп басталатын өлеңді жаздым, Ұланғасыр Қами айтатын. Сатып жібердім, 1,5 мың долларға. Жан жарым Раушанға арнап жазғанмын. Өлең шығардым, Мұқтар Ниязовтың шәкірті болдым. Өткен өмірді қазбаламай-ақ қояйық», - деді Шуақ Рахымберді.
Желі қолданушылары мен оның туыстары расымен мықты ақын болғанын жарыса жазып жатыр. Айтуларынша, Шуақ мектепте жақсы оқыған, өмірде белсенді де өнерлі болған.
«Қайран парталасым-ай, не болып кеткенсің?», «Шуақ деген кісі ғой, өзі ақын, бір жағынан жылқы алып сататын еді, неге мұндай халге түскен?», «94 жылғы, кезінде талай айтыста айтысып едік», «Шуақ есімді жігіт қой, ауылдасым, мектепті жақсы оқыған белсенді еді, КВН бәріне қатысатын», — деп жазды TikTok қолданушылары.